Олжас Бектенов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды

3 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
primeminister.kz
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

 

Тәжікстан президентін Астана әуежайында Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

 Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

 Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Тэгтер:

Астана Эмомали Рахмон саммит ШЫҰ Олжас Бектенов Тәжікстан президенті