Жаңалықтар

Су тасқыны: СҚО-да 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде.

Сондай-ақ зардап шеккен 1099 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда, оның ішінде 252 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұдан басқа, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін үйлер сатып алынуда.