Қазақстан әнұранын жаттап жүрмін – Ресейден ауысып келген мәнерлеп сырғанаушы
Софья мамырда Қазақстан азаматтығын алған болатын.
Бұған дейін Ресей құрамасында өнер көрсеткен, алайда жаңа маусымнан бастап Қазақстан атынан жарысқа қатысатын мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жаңа маусымға дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
17 жастағы спортшы шілдеде Қарағандыда өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынап көрмек. Аталған біріншілікте жүлдегерлер қатарына ілінсе ұлттық құрама сапына қабылданады.
Софья мамырда Қазақстан атынан сынға түсу үшін Ресей құрамасынан шығып, Қазақстан азаматтығын алған болатын.
«Қазір Қазақстан әнұранын жаттап жүрмін. Қазақша дұрыс айта алатыныма сенімді емеспін, бірақ мен тырысамын», – дейді Самоделкина.