Ресей Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Владимир Путинді әуежайда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Владимир Путинді әуежайда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.