Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді

Сурет: www.istockphoto.com

Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған.

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, аман алып қала алмаған. 

Марқұм бүгін жерленді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. 

Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.