Тележүргізуші Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті
Танымал тележүргізуші бір айдан бері тойға дайындалып жүр.
17 жыл құлдықта болған апалы-сіңілі екі қыздың тағдырын өзгерткен тележүргізуші Руслан Өтепбайдың отбасы қуанышқа кеңелді, деп жазды turkystan.kz.
«Үйдің үлкені мен. Менен кейін қарындасым бар. Бір айдан бері жалғыз бауырымның ұзату тойына дайындалып жүрмін. Қыз беру екі мағынада да қиын екен. Алғашқысы қимастық болса, екіншісі жауапкершілік. Маңыздысы да осы болар»,- деп жазған еді ол.