Роман Скляр тағы бір құрылымды басқармақ
Орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі негізінде жүзеге асырады", – деп жазылған құжатта.
Елімізде Ұлттық инвестициялық қызмет орталығы құрылды, оны бірінші вице-премьер басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысының өкімінде айтылған.
"Ұлттық инвестициялық қызмет орталығы құрылады. Орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі негізінде жүзеге асырады", – деп жазылған құжатта.
Орталықтың міндеті:
- инвестиция тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметін ұйымдастыру; - бәсекеге қабілетті инвестиция климатын құру үшін реттеуші саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - инвестиция жобаларын іске асыруға жағдай жасау және мониторингтеу; - мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша инвестиция жобаларын жүргізу және мониторингтеуді саларалық үйлестіру; - инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Құжатта ҰИҚО қызметін бірінші вице-премьер басқаратыны айтылған, қазіргі уақытта бұл қызметті Роман Скляр атқарады.