Олимпиада жолдамасын иеленген 3 боксшыға 10 миллион теңге сыйақы берілді
26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан 10 боксшы қатысады.
Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп Бангкокта (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын иеленген 3 қазақстандық боксшыға ақшалай сыйақы табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олимпиаданың соңғы жолдамасы сарапқа салынған Бангкоктегі турнирде Назым Қызайбай (50 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) лицензияға қол жеткізген еді. Бүгін осы үш боксшыға Шахмұрат Мүтәліп 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Еске сала кетейік, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан 10 боксшы қатысады. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Назым Қызайбай (50 келі) Олимпиада жүлдесіне таласады.