Көкшетауда 10 жастағы бала ТЖМ медалін алды
Артур Гаитовқа «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.
Ақмола облысы ТЖД-да өрт кезінде қайсарлық танытқан Артур Гаитов марапатталды.
«Өрт шыққан кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған соң бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен», - деп жазды ТЖМ.
ТЖ министрінің бұйрығымен 10 жастағы батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.