Жаңалықтар

Балалары түнде қыдырған 2 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

сурет: polisia.kz

Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың жүрген-жүрмегені тексерілді.

Биыл елордада балалары түнде қыдырған 2 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады

Ақпаратта елордалық полицейлердің “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізетіні айтылған.

Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың жүрген-жүрмегені тексерілді. Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Ш.Айтматов көшесіндегі қаланың компьютерлік клубтарының бірінде сағат 02:00-де 16 жастағы жасөспірімдер жүргені анықталды. Кәмелетке толмағанның заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қатар осы жылдың басынан бастап полицейлер 4 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды аумақтық ПБ-ға жеткізді, - деп жазылған хабарламада.