Қоғам

Оралда 4 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен

Polisia.kz

Анасы кешқұрым қызын үлкендеу ағасына қалдырып қайтып келсе, баланың жоғын байқаған

Оралда 4 жасар бүлдіршін жоғалып, полиция қызметкерлері көп ұзамай баланы тапты.

Шілденің 1 күні кешкі 21:20 кезінде 102 операторына 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Басқа қаладан қыдырып келген отбасы қаланы білмейді екен. Анасы кешқұрым қызын үлкендеу ағасына қалдырып қайтып келсе, баланың жоғын байқаған, - деп хабарлады ПД. 

Патрульдік полиция қызметкерлері Тарғын Сәкен мен Жұмабаев Айдос бүлдіршінді басқа көшеде жылап жүрген жерінен тауып, анасына табыстады.