Жаңалықтар

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды

istockphoto.com

Бұл өзгертулер еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты енгізіліп отыр.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің қажеттілігіне сәйкес «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді.

Ол бойынша жалпыға бірдей белгіленген квота асында қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын 600-ге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көзделген.

Бұл өзгертулер еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты енгізіліп отыр.

Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.