ШЫҰ Саммиті: Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.
Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы өткен кезеңде өңірдегі өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, кезекті Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді. ҰҮК Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіреді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-әрекетін жүзеге асырады, - деп мәлімдеді СІМ.