Жаңалықтар

Өскемен халқы селден қаза тапқан балаларды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

«Астана» телеарнасы

Кеше Өскемен мешіттерінің бірінде оладың жаназасы шығарылды.

Өскеменде кеше Қырғызстандағы сел кезінде қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі жер қойнына тапсырылды. Балалар көрші елге демалуға барған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

 Телеарна мәліметінше, кәмелетке толмаған төрт қазақстандық жасөспірім су қоймасындағы туристік аймаққа бет алған. Ішінде балалар отырған көлік апат ошағында қалып қойып, оны лай көшкіні ағызып кеткен. Көлік бір тәуліктен астам уақыт іздестірілген, елдегі туыстары балалар тірі табылып қалар деп үміттенген.

«Соңына дейін сенбедік. Кеше Алматыдан туыстарым қоңырау шалды, келді. Олар айтқан кезде сенбедім», - дейді қаза болған балалардың ағасы.

Азат, Ислам, Әсима мен Әлияның денесі Қазақстанға Қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізілді. Балалар 8-11 жас аралығында болған. Кеше Өскемен мешіттерінің бірінде оладың жаназасы шығарылды.

«Мешітке тұрғындарының бәрі дерлік жиналды. Қаламыз, еліміздің әрбір тұрғыны үшін үлкен қайғылы жағдай. Балалар қаза тапты», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Зоя Новолодская. Білім бөлімінің өкілдері екі отбасының балалары қаза тапқанын хабарлады.

 «№44 және №47 мектеп оқушылары, екі отбасының балалары. Бүгін ата-аналар да, педагогикалық ұжымдар да, мектеп директорлары да оқушыларымызбен қоштасуға келді. Бұл орны толмас зор қайғы. Біз ата-аналармен байланыста боламыз және оларға қажет барлық көмекті көрсетеміз. Бұл қайғылы оқиға барлық ата-аналарды біріктірді, өйткені бұл біздің балаларымыз, ал балалар бөтен болмайды», - дейді Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Еске салсақ, жұма, 28 маусымда Қырғыз елі Ош облысында нөсер жауыннан сел жүрір қазақстандық 4 бала қаза тапты.