Шымкентте базар өртеніп кетті

2 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Шымкент қаласында өрт сөндірушілер базарлардың бірінде шыққан өртті сөндііріп жатыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Оқиға орнына келгеннен кейін сауда бутиктері өртеніп, екі көлік зақымдалғаны анықталды.

ТЖМ күштерімен ауданы 400 шаршы метр ашық жану толығымен жойылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Тэгтер:

Шымкент өрт базар