Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен Азия чемпионатында 7 медаль алды
Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды.
Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қола медаль иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар.