Франция Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті
Германияның Дюссельдорф қаласында өткен ойында 1:0 есебі тіркелді.
Футболдан Франция ұлттық құрамасы Бельгияны ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ойындағы жалғыз голды 85-минутта соғылды. Коло-Муани тепкен доп қарсылас команданың ойыншысы Ян Вертонгеннің аяғына тиіп, қақпаға кірді.
Айта кетейік, бұл биылғы Еуропа чемпионатында соғылған 9-шы автогол.
Енді франциялық футболшылар Португалия – Словения арасындағы ойынның жеңімпазымен жолығады.