Самбошы қыз Азия чемпионатындағы алтынын марқұм әкесіне арнады
Қазақстандық самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын жеңіп алды.
Қытайда өткен самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында қазақстандық Анар Сейтімова алтын медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Марапаттау сәтінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшы бұл жеңісін марқұм әкесіне арнады.
"Әке, осы алтын медальді сізге арнаймын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Өте жақсы көремін. Қатты сағындым", - деп жазды Анар Сейтімова әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Анар Сейтімова жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынаған болатын.