Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

1 шілде, 2024 / Өтей Торғайұлы
Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan
Өткен аптада актер Нұрлан Қоянбаев аталған облыстың басшысы Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын.

Продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Тэгтер:

Түркістан облысы Актер Нұрлан Қоянбаев