Тоқаев Қырғыз елінің президентіне көңіл айтты

1 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

— Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, — деп жазылған жеделхатта.

Тэгтер:

Президент Тоқаев Қырғыз елі көңіл айту сел