Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі
Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі
Дубай әмірлігінің тұрғын үй құрылысы саясатына сәйкес, енді барлық тұрмысы төмен жандар тегін баспанамен қаматамасыз етілмек. Жаңа заң бойынша бұл жеңілдік әмірлікте туылғандар үшін де, шетелдік жұмысшылар үшін де ортақ болады, деп жазады muslim.kz.
Ал, тұрғындардың «тұрмысы төмен отбасы» санатына жататын-жатпайтыны арнайы өлшемдер бойынша анықталатын болады. Атап айтқанда, жанұядағы кіріс мөлшері, тұрғылықты жері, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар және мемлекеттік талаптар мен қоғамдағы мәселелерге қарым-қатынасы ескеріледі.
Осыған орай, Дубай әмірлігінде әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылады.