«Щучучинск»: Астана-Бурабай тас жолында жол белгісі қате жазылған
Щучинск қаласының атауы қате жазылып, желіде қызу талқыға түсті.
Астана-Бурабай тас жолының бойында жол белгісіндегі жазу қате жазылған.
Щучинск қаласының атауы қате жазылып, желіде қызу талқыға түсті.
Ағылшын тілінде қала атауы «Shuchuchinsk» деп жазылған. Ол «Шучучинск» деп оқылады. Желі қолданушылары бұл қателікке түрлі пікірлерін жазып қалдырды.
«Енді осының арқасында атауды өзгертуге болады», «Көңілді қала», «Бұл еліміздегі әдеттегі жағдай», – деп жазды олар.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы шұғыл әрекет етіп, келесі күні жаңадан орнатылған жол белгісінің суретін жариялады.
Онда қаланың атауы ағылшын тілінде дұрыс көрсетілген.
Компания, қатенің сол күні түзетілгенін мәлімдеді. «ҚазАвтоЖол» пайдаланушыларға пікірлері үшін алғысын білдірді.