Жаңалықтар

Атыраулық оқушы халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

atpress.kz

9 сынып оқушысы Бердібек Орынбасар ІІ-орынды иеленіп, күміс медальға ие болды.

Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті. Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстаннан барған құрама команда ішінен Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Бердібек Орынбасар ІІ-орынды иеленіп, күміс медальға ие болды.