Спорт

Қазақстандағы үздік 10 боксшының жаңа рейтингі жарияланды

istockphoto.com

Тізімде орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) көш бастап тұр.

BoxRec порталы маусым айының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы ең үздік 10 боксшының рейтингін жариялады.

Тізімде орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) көш бастап тұр. Екінші орынға Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) жайғасса, үздік үштікті Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) түйіндеген.

BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстандағы ТОП-10 боксшы:

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО); Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО); Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО); Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО); Сұлтан Заурбек (18-0, 13 КО); Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО); Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО); Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО); Әли Ахмедов (21-1, 16 КО); Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО).