Олимпиада ойындары тікелей эфирде алғаш рет 8K форматында көрсетіледі

1 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Жасанды спорттық комментатор репортаждарды әйгілі спорт шолушысы Эл Майклстың даусымен жүргізеді

Америкалық NBC телеарнасында жасанды интеллект Олимпиада күнделігін жүргізіп отыратын болады, деп хабарлады turkystan.kz 24kz арнасына сілтеме жасап.

Жасанды спорттық комментатор репортаждарды әйгілі спорт шолушысы Эл Майклстың даусымен жүргізеді.

Айта кеткен жөн, Парижде өтетін дүбірлі дода кезінде жасанды интеллектіні кеңінен қолдану көзделіп отыр. Сондай-ақ Олимпиада ойындары тікелей эфирде алғаш рет 8К форматында көрсетіледі.

Тэгтер:

Париж Олимпиадасы тікелей эфир