Жаңалықтар

Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен не үшін араласпай кеткенін айтты

Димаш Құдайбергеннің фотосы: Sputnik / Владислав Воднев

Ол бұл туралы Асхат Садырбайға берген сұхбатында мәлімдеді

Әнші Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы туралы Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, деп жазады turkystan.kz.

Димашпен қазір байланысым жоқ. Бірнеше ай бұрын студияда көріп қалдым. Жағдай сұрастық, екі минуттай ғана сөйлестік. Туған күнімізде бір-бірімізді құттықтамаймыз. Хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болып кетті. Неге екенін білмеймін. Уақыты жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмірімізбен алмасайық деген болатынмын. Бірақ жауап болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды ұнатпайтын адаммын, – деді ол.