Қоғам

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

Ашық дереккөз

Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керек

Алаяқтар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз, — делінген хабарламада. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады: 

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.

2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.