Қоғам

Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласының ата-анасына алғыс айтты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жаннұр Еңсебекті жоғары көрсеткішімен құттықтап, ата-анасына өз алғысын білдірді, деп жазады turkystan.kz.

Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын, – деді Саясат Нұрбек.

11 жыл үздік оқыған түлек – "Алтын белгі" иегері. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.