Аурухана директоры ұрлап, бедеу туысына берген: Ер адам 33 жылдан кейін туған ата-анасымен қауышты
Чжанның биологиялық әкесі Ли Шицзе ұлына 1,2 миллион юань (166 000 доллар) шот ашып, банк картасын көзіне жас алып берді
Қытайлық отбасы 33 жыл бұрын өлдіге санаған ұлынының аман-есен екенін анықтады, деп жазады turkystan.kz stan.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Meduzapro хабарлауынша, олардың ұлы Аньхой провинциясындағы кедей ауылда өскен. 33 жастағы жігіттің биологиялық ата-анасы Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Чжэцзян провинциясының бай саудагерлері екен. Биологиялық ата-анасымен арасы шамамен 400 шақырымдай болған.
Босанғаннан кейін дәрігерлер Чжанның биологиялық ата-анасына оның мерзімінен бұрын туылуына байланысты көз жұмғанын хабарлаған.
Бірақ шын мәнінде, бала аурухана директорының бедеу туысына берілген. Патронаттық ата-аналар 50 жастан асқан. Әкесі мүгедек болған, сондықтан Чжан 17 жасында мектепті тастап, қаржылық қиындықтарға тап болыпты. Асыраған әкесі 2023 жылы қайтыс болғаннан кейін ғана өгей шешесі жігітке оның туған баласы емес екенін айтқан.
Чжан осы жылы мамыр айында полицияның көмегімен өзінің биологиялық ата-анасымен кездесті. 20 мамырда Чжэцзян қаласында өткен үлкен мерекеде Чжанның биологиялық әкесі Ли Шицзе ұлына 1,2 миллион юань (166 000 доллар) шот ашып, банк картасын көзіне жас алып берді.
Біздің бірінші баламыз екіншісін дүниеге әкелгенде бір жаста еді. Тұңғыш бала кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Екінші бала мерзімінен бұрын, жүктіліктің 6 айында дүниеге келді, – деді Ли.
Бір қызығы, Чжан кедейлікте өскенімен, биологиялық ата-анасынан берілген іскерлік қабілеті мықты болған. Қазір оның әйелі, 9 жасар ұлы, жеке фабрикасы бар. Мектептен кеткен соң түрлі кәсіп ашып, тасы өрге домалаған.