Спорт

Тыныс Дүбек күрестен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

ҰОК

Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінде ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп жазады turkystan.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль еншіледі.

Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді.