Қоғам

Ақтөбе облысының тұрғыны 21 атыс қаруын үйінде сақтаған

gov.kz

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, биылғы жылдың 28 маусымында ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі.

Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді.

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруімен және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.