Қоғам

Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті табылды

instagram/poisk_region_10

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

2008 жылы туған Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйден 26 маусымда кетіп, жоғалып кетті. Жасөспірімді екі күн бойы полиция мен еріктілер іздеді. 28 маусымда қыздың өлі табылғаны белгілі болды.

Полиция Әулиекөл ауданында 16 жастағы қыздың мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.