Төрт күндік жұмыс аптасына кімдердің ауыса алатыны белгілі болды
Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек
Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара келісімге байланысты, деп жазады turkystan.kz.
Әсіресе, туризм саласы қызметкерлері қыста төрт күн жұмыс істей алады. Бірақ әрі қарай туристер ағыны болған кезде оны 6 күнге дейін арттыруға болады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ қызмет көрсету және қонақүй бизнесіндегі қызметкерлерге төрт күндік жұмыс кестесін таңдау тиімді.