Жаңалықтар

Павлодарда жүкті келіншек өз өмірімен қоштаспақ болған

Сурет: www.istockphoto.com

Павлодар облысында полицейлер әйелді құтқарып қалды.

28 маусымда сағат 06:58 шамасында “102” операторының пультіне Усолка өзенінің көпірінде әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келген, деп жазды turkystan.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерқанат Құбайдолла мен Жақсылық Мұсабаев дереу жеткен.

 – Біз келгенде келіншектің күйзеліске түскенін, көздері жасқа толы екенін байқадық. Ол қоршаудың сыртына көтеріліп үлгеріпті. Осы уақытта біреумен эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрған. Алыстан оны сөзге тартып, оған бұлай істеу дұрыс шешім емес екеніне сендірдік, туыстарының қандай жағдайда болатынын түсіндіріп көрдік. Содан жанына жақындап, оның қолынан ұстап, көпірдің қауіпсіз жағына қайта көтерілуге көндірдік. Біз үшін онсыз да үмітсіз тұрған қыз баланы қорқытып алмау маңызды болды. Себебі, бір секундтың ішінде орны толмас оқиға орын алуы мүмкін еді, – деді қызмет инспекторы Ерқанат Құбайдолла.

Мұндай әрекетке жүкті әйел күйзел кесірінен бармақ болған. Кейін полиция оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.