T-Newspaper

Жазушылар одағының жаңа жобалары

Жиын соңында БАҚ өкілдері ұйым­дастыру­шы­лар­ға сұрақ қойып жо­ба туралы толық мәлімет ал­ды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы стратегиялық әріптестікті іске асыру аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД Елдерінің архивтеріндегі қазақ­стандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты үш маңызды жобаның таныстырылымына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияны ашқан Қазақ­стан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов үш жо­ба­­ның міндеті мен мақсаты жайлы айта келіп, бы­лай деді: «Мемлекет басшысы «стратегия­лық әріптестік» ту­ралы Үкіметке тап­сырма берген болатын. Сол тап­сыр­ма орындалды деп есептейміз. Се­бебі Қазақ­стан Республикасы Мә­­­­дениет және ақпарат ми­нистр­лі­гінің архив құжаттама жөніндегі кі­тап ісі ко­митеті мәдениет және өнер саласының бәсекеге қа­білет­ті­лігін арттыру, қазақстандық мәдени мұра­ны сақтау, зерттеу және оны танымал ету, архив ісін жүзеге асы­ру­дың тиімділігін арттыру бағы­тын­дағы мем­лекеттік тапсырыспен ст­ратегиялық тапсы­рыс­ты іске асы­руға арналған конкурста Қа­зақстан Жа­­­­зушылар одағы үш жо­баны жеңіп алды. Үш жоба да қазір Қа­зақстан жазушыларына, қазақ әде­биетіне өте керекті жобалар. Биыл­ғы жылдың екінші жар­ты­сын­да аталмыш жобаларды толықтай орындауға ұйымдастырушылар дайын. Біз қашан да жас таланттарға мүм­кіндік туғы­зып, өзінің шығар­ма­шылық кеңістігін кеңейту үшін осын­дай мүмкіндіктер жасағаны­мыз дұрыс деп ой­лай­мыз. Бұл жо­ба­лар, осындай іргелі істердің ал­ғаш­қы бастауы болғалы тұр. «Қазақ әде­биеті» га­зетіне осы үш жоба ту­ра­лы жариялағанда, сұра­ныс­тың көп­тігін байқадық. Ізденушілер, жо­баға қа­тыс­қысы келетін талант­тар­д­ың көптігі бізді қуантты». Конференцияда жоба жетекші­лері, Қазақстан Жа­зу­шылар одағы Бас­қарма төрағасының орын­ба­сар­лары Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегаманов, Бей­біт Сарыбайлар сөз кезегін алып, өздері бас­шы­лық ете­тін жоба туралы әңгімелеп берді. Бауыржан Жақып  «Жазушылар­дың әдеби ше­бер­лік мектебі» жөнін­де айтып, жас жазушылардың білі­мін көтеру мәселесіне тоқталды. Ол бұл мәсе­ле­нің болашақта ашылуы тиіс әдебиет институтының алғы­шар­ты екенін айта отырып, жас қа­­­лам­герлерге қа­зақ және дүние­жү­зілік сөз шеберлерінің шығар­ма­шы­лық лабораторияларымен таныс­ты­рудың, сондай-ақ шеберлік сабақ­тарының қандай пайдасы тие­тіні жөнінде кең түрде әңгімеледі. Жас қа­лам­гер­лерге дәріс беру үшін елі­міз­ден және өзге елдер­ден білікті ма­мандар тартылып жатқанын айт­ты. Қасымхан Бегманов «ТМД елде­рі­нің архив­те­рін­дегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұ­мыс­та­ры» жобасы бойынша жетекшілік етеді. Ол ар­хив материалдары арқы­лы қазақ әдебиетінің та­рихын те­рең зерделеу; архив материалдарын жи­нау және ТМД елдерінің архив­тері материал­дарының негізінде та­ри­хи шығармалар жазу; Қа­зақ­стан­ның өткен ғасырлардағы әде­би-мәдени өмірі туралы әдеби зерт­теулер негізінде кітаптар шы­ғару; Қо­ғамның мәдени деңгейі мен зият­­­керлік әлеуетін одан әрі көтеру; Архив материалдары негі­зінде жа­зылған бірегей әдеби шығармаларды дү­ниеге әкелу арқылы қоғамның түрлі топтарын, со­ның ішінде жас­тар­ды ел тарихын білуге қызық­тыру  жөнінде өз ойларын айтты. Бейбіт Сарыбай «Жаңа Қазақ­стан­ның әдеби-танымдық панора­ма­сы» жобасы аясында істелетін жұ­мыстар жайында баяндады. Бұл жо­ба бойынша елі­міздің түпкір-түп­кірінен талантты 20 жас қалам­гер таңдап алынып, оларды еліміз­дің әр облысына атандырып, өздері бұрын аяқ баспаған өлкелер тура­лы кітап жазуға мүмкіндік берілетінін және олар­дың бәріне қаламақы тө­леніп, кітаптары шы­ғарылатынын айт­ты. Аталмыш жобалардың маз­мұны мен мақсаты, өткізу жолдары ту­ралы кеңінен әңгімелеп, таны­с­тыр­ды.  Іс-шараға Қазақстан Жазушылар ода­ғы Бас­қарма төрағасының бірін­ші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, Қазақстан Жазушылар одағы бас­қар­ма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, «Жұлдыз» журналы бас редак­то­рының орын­басары Қали Сәрсен­бай және Qazaqstan, Abai.tv телеар­на­ларының, «Қазақ әдебиеті», Egemen Qazaqstan, Turkistan, «Ана тілі» газеттері мен «Жұл­дыз» журналы­ның тілшілері қатысты.  Жиын соңында БАҚ өкілдері ұйым­дастыру­шы­лар­ға сұрақ қойып жо­ба туралы толық мәлімет ал­ды.

А.ЖҰМАҒАЛИ