Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады
28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Мемлекеттік күзет қызметі 3-4 шілдеде елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жолдады.
ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі, - делінген мемлекеттік күзеттің Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ 2-4 шілдеде "Есіл", "Нұра" және "Алматы" аудандарында осындай шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.