ШЫҰ саммиті: Астананың жекелеген көшелері уақытша жабылады
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.
ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, яғни 28 маусымнан бастап Астана қаласының жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Биылғы 2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады.
«Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі таратқан хабарламада.