Жаңалықтар

«Қимас екі адамымнан айырылдым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба қалдырды

видеодан алынған скрин

Өнер адамы басына бірнеше сынақ түскенін айтты.

Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жанына батқан жайлар туралы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Кенжегүл деген атымды жүк көтерер нардай болсын деп Наркенже деп атауында да мән бар-ау… Тағдырдың түрлі сынағынан өтіп келем. (Аллаға шүкір) Күлдіреді, жылатады, құлатады, күн батады, таң атады. Өтіп жатқан өмір. Дөңгеленген дүние, дүниеге кім ие… "Өмірден өткендерден бір хабар жоқ, жағдайы ана жақтың қандай екен деп" осы термеде айтылғандай, 6 айда екі қимас адамдарымнан айрылдым. Ана жаққа барып келген ешкім жоқ қой дегенмен, кейде сағынғанда жағдайларын сұрағың келеді екен. Сырласқың келеді екен…Бұл термемен молдаларды сынағым жоқ, бірақ өзім түсінбейтін, білмейтін дүниелерді сұрағым келеді", - деп жазған ол.