18 қабаттан құлап кеткен студент тірі қалды
Оқиға кездейсоқ жағдайда болған.
Ресейдің Екатеринбург қаласында 19 жастағы студент 18 қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап, жеңіл жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде қыз пәтердің терезелерін жуып жатқан. Бір сәтте оның аяғы тайып, төмен құлап кеткен. Абырой болғанда ол бұталарға ілініп, жерге аса қатты құламаға. Көшеде қимылсыз жатқан қызды көршісі көріп, жедел жәрдем шақырған.
"Маша бұл суицид емес, кездейсоқтық деп сендіреді.Оның екі қабырғасы сынған, маңдайындағы сүйек жарылған және өкпесі жыртылған", - деп жазды басылым.
Ол әлі төсектен тұра алмайды, бірақ дәрігерлер оның толық қалпына келетінін айтып отыр.