Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Астанаға келгені туралы хабар тарады

27 маусым, 2024 / Өтей Торғайұлы
фото:hitecher.com
Әзірге оның Қазақстанға қандай мақсатта келгені белгісіз.

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді, деп хабарлады turkystan.kz порталы kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

"Дуровтың ұшағы  Астана қаласына бірнеше сағат бұрын қонды", - деп жазды ҚазТАГ редакциясы.

Агенттіктің ақпаратына сенсек, Telegram негізін қалаушы Астанаға Embraer legacy 600 ұшағымен келген.

Тэгтер:

Астана Ұшақ Телеграм-бот