Спорт

Атырауда «Oil capital cup» халықаралық турнирі өтеді

istockphoto.com

Атырау грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының грек-рим, еркін күрес түрлерінен ересектер арасында өтетін «Oil capital cup»  Atyrau  2024 халықаралық турнирінің кубогы «Біріккен күрес әлемі» (UWW) күнтізбелік жоспарына енді.

Аталмыш іс-шара бұған дейін Атырау облыстық грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен 2023 жылы алғаш рет өткізілген болатын.

«Туған жерімде «Біріккен күрес әлемі» (UWW) мен бірлескен халықаралық спорттық шараны өткізу мен үшін үлкен мәртебе», - дейді Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тугаев.

Қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.