Атырау облысында шетелдік азаматтың басына найзағай түсті
Марқұм Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.
Атырауда шетелдік азаматтың басына найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Ол – 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы.
16 маусымда Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен еді. Үй өртеніп, сөндірілді, бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген болатын. Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды
Марқұм Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.
Тергеу барысында, азаматтың Қазақстанға 28 мамыр 2024 жылы Бейнеу шекара бекеті арқылы кіргендігі, Миялы ауылындағы тұрғынның үйінде уақытша тіркелгендігі анықталды.
Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталған жоқ.
Мүрде сот-медициналық сараптама тағайындау үшін аудандық аурухана жанындағы мүрдеханаға тапсырылды.