АЭС салу туралы референдум қашан өтетіні белгілі болды
Референдум өтетін датаны үкімет белгілейді.
АЭС салу туралы референдум күзде өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерді құттықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Референдум өтетін датаны үкімет белгілейді.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.
Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», -деді Президент.