Тараздағы балабақша басшысы 4 жылға сотталды
Тараз қаласының прокуратурасы 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады
Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.