«Мал жаюға шығып кеткен»: Алматы облысында ер адам із-түзсіз жоғалып кетті
Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Ер адам 25 маусымда мал жаюға шығып кетіп, қайта оралмаған.
Сол күні сағат 19:30-дан бастап Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде 1970 жылы туған ер адамның іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
«Ол таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кетті. Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде 1 ҰҰА, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техника, 5 жергілікті тұрғын бар. Іздеу жалғасуда», - делінген Алматы облысы ТЖМ таратқан хабарламада.