Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды
Нұрлан Қыдыржанұлы Сұлтанов өзі құрметті отставкаға шығуға ниет білдірген.
Парламент Сенаты Жоғарғы соттың судьясы Нұрлан Сұлтановты отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатты.
Сенат депутаттарының қарауына президенттің Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату туралы ұсынымы келіп түскен.
Нұрлан Қыдыржанұлы Сұлтанов өзі құрметті отставкаға шығуға ниет білдірген.
Депутаттар Сұлтановты орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы қаулыны қолдап дауыс берді.