Жаңалықтар

«Ағашқа соғылған»: Алматыда төрт жас жігіт қаза тапты

istockphoto.com

Қайтыс болғандар 21-22 жастағы жігіттер.

Алматыда Lada көлігі ағашқа соғылып, төрт адам қаза тапты.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды. Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған.

«Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды», - деп хабарлады полициядан.

Төрт адамның өліміне әкеліп соққан апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

Ведомстводан атап өткендей, қайтыс болғандар 21-22 жастағы жігіттер.