Түркістан облысында терроризмді насихаттаған 4 адам ұсталды
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал», — делінген хабарламада.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.