Жаңалықтар

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Сурет: www.istockphoto.com

Ертең еліміздің біраз аймағында нөсер жауып, жел соғады.

Алдағы күндері елімізде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде, әсіресе батыс және солтүстік-батыс облыстарда қатты жаңбыр жауады, одан бөлек бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі.

«Ертең, 27 маусымда елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, солтүстік-батыста жаңбырлы ауа райы 27-29 маусым аралығында сақталады. 28-29 маусымда еліміздің батысы мен солтүстігі де циклонның ықпалында болады. Республиканың шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашын күтілмейді», - дейді синоптиктер.

Ертең Қазақстанның солтүстік-батысында, 28-29 маусымда елдің оңтүстігінде және 29 маусымда солтүстік пен орталықта ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық жалғасады, ауа температурасы +40...+43 градусқа дейін көтеріледі.