Спорт

Станислав Черчесов өзінің бапкерлер штабын Қазақстанға шақыра бастады

Сурет: ҚФФ

Әзірге Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы бекітілген жоқ.

Футболдан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Станислав Черчесов  Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына кандидаттар қарастырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

"Қай мамандар қазір бос екенін, ұлттық құрамаға қайсысы пайдасын тигізетінін қарау керек. Көбі Магомед Адиевпен «Ахматқа» кетті. Тәжірибелі мамандардан тұратын өз бапкерлер штабым бар. Олар: Гинтарас Стауче, Владимир Паников, Паулино Гранеро. Әрқайсысы әр елдің чемпионы атанған. Қазір кейбіреуімен келісіп жатырмыз. Бірақ әзірге ештеңе нақтыланбады", - деді Станислав Черчесов бүгінгі баспасөз мәслихатында.